- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сапарбаев Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі бойынша отырыс өткізді
Б.Сапарбаев Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі бойынша отырыс өткізді
Қызылордада вице-премьер әлеуметтік саланың бірқатар нысандарын – оқу жылының басталуы туралы мәлімет берілген жаңа орта мектепті және «Атамекен» отбасылық типтегі балалар ауылын аралап, оқу сыныптарын аралап, балаларды тәрбиелеу жағдайларымен танысты.
Жұмыс бағдарламасының тағы бір тармағы облыс орталығының сауда орындарын, АЖҚС және айырбастау пункттерін аралау болды, ол жерлерде вице-премьер әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары, ЖЖМ бағаларын және валюта айырбастау бағамдарын тексеріп шықты. Б.Сапарбаев жалпы бағалар тұрақтылығын және бір қалыпты әлеуметтік ахуалды атап өтті.
Жергілікті атқарушы органдар басшыларының, қоғам және кәсіпкерлік топтар өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте сапар қорытындысы жасалды.
Отырыс барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерінің кең ауқымы қаралды. Облыстағы баға белгілеуді бақылау, жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу тақырыбына ерекше көңіл бөлінді. Б.Сапарбаев сондай-ақ экономиканың нақты секторындағы реформаларға және ақша-кредит саясатының жаңа режиміне қатысты жаңа экономикалық саясат аспектілерін қозғады. Вице-премьер бес институционалдық реформаны және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша Үкімет қабылдаған шаралар туралы мәлімдеді.
Б.Сапарбаев Елбасының тапсырмасымен Үкімет мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындау бойынша кешенді шаралар қабылдап жатқандығын айтып өтті.
Вице-премьер мемлекеттік органдарға әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаларды одан әрі мониторингілеу және өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары