- Басты
- Жаңалықтар
- Орал қаласында 1200 орындық жаңа мектеп бой көтерді
Орал қаласында 1200 орындық жаңа мектеп бой көтерді
Білім ошағының ашылу салтанатына қатысқан БҚО әкімі Нұрлан Ноғаев оқушылар мен ұстаздарды жаңа мектепте қарсы алғалы отырған алғашқы оқу жылының басталуымен құттықтады.
«Биылғы оқу жылында облыс бойынша бес жаңа мектеп пайдалануға берілуде. Оның үшеуі күрделі жөндеуден өткен апатты жағдайдағы білім ошақтары болса, енді бірі – Жаңақала ауданында салынған 600 орындық мектеп пен 100 кереуеттік интернат. Ал бүгін Зашаған кенті тұрғындарының игілігіне ұсынылып отырған 1200 оқушыға есептелген жаңа да сәулетті мектепте балалардың білім алуына, спортпен айналысуына, жаңа технологияны игеруіне барлық жағдай жасалған», – дей келе, Нұрлан Асқарұлы 28 орындық смарт-кабинетті тарту етті.
Сыңғырлаған су жаңа ғимаратта 60 пәндік оқу кабинеті, 28 орындық смарт- кабинет, зертхана бөлмелері, кітапхана, спорт залы, 400 орындық мәжіліс залы, 396 орындық кең асхана, көрме залы, медициналық, стоматологиялық, логопедтік, психологиялық және физиокабинеттер балалар игілігіне қызмет етпек.
Биылғы оқу жылында жаңа мектептің табалдырығын 1100 оқушы аттаса, олардың 225-і – бірінші сынып бүлдіршіндері болса, 50-і – 11 сынып түлектері. Айта кетейік, 2014 жылдың ақпан айында басталып, республикалық бюджет есебінен жүргізілген мектеп құрылысына 1,3 млрд.теңге жұмсалған.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады