• Басты
  • Жаңалықтар
  • ДСӘДМ: Жылжымалы мобильді топтар шалғайдағы елді-мекендерге 5 мыңнан астам сапар жасады

ДСӘДМ: Жылжымалы мобильді топтар шалғайдағы елді-мекендерге 5 мыңнан астам сапар жасады

2 Қыркүйек, 2015 14:09
Жылжымалы мобильді топтар шалғайдағы елді-мекендерге 5 мыңнан астам сапар жасады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ОКҚ-да.

«Қазақстан халқының белгілі бір бөлігі шалғайдағы елді-мекендерде тұрады. Сондықтанда біз халыққа қызмет көрсету орталығы мен Қазпоштамен бірлесіп мобильді топты құрып, елді-мекендерге 5 мыңнан астам сапар жасады», - деп мәлімдеді министр.

ДСӘДМ басшысы хабарлағандай, елді-мекендерге қажетті құралдармен жабдықталған әлеуметтік машиналар баруда.

«Біз халыққа қандай әлеуметік төлемдер алуға болатыны туралы кеңес береміз, осы мақсатта бізге мобильді ХҚКО көмектесуде», деп түсіндірді ол.

Айта кетерлік жайт, бүгінде Қазақстан бойынша 180 мобильді топтар бар, оларда 830 қызметкер жұмыс істеуде.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар