- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Әбдрасилов: Мемлекеттік басқару академиясында мемқызметті жетілдіру саласында 63 ғылыми-зерттеу жобасы жүзеге асуда (Фото)
Б.Әбдрасилов: Мемлекеттік басқару академиясында мемқызметті жетілдіру саласында 63 ғылыми-зерттеу жобасы жүзеге асуда (Фото)
Академия тарихында алғаш рет Өңірлік хабқа мүше елдердің мемлекеттік қызметшілері үшін ҚР Президентінің білім гранттары бағдарламасы, Х.Зайдель қорының және БҰҰДБ гранттары бойынша Тәжікстаннан, Ауғанстаннан, Әзербайжаннан және Қырғыз Республикасынан 17 мемлекеттік қызметші оқуға түсті.
Б. Абдрасилов профессор-оқытушылар құрамының жоғары біліктілігі мен үлкен кәсіби әлеуетін және тәжірибеге бағытталған ғылыми зерттеулерді іске асырудағы жетістіктерін ерекше атап өтті.
2012 жылдан бастап Академияда жүргізіліп жатқан реформалар аясында мемлекеттік қызметті жетілдіру саласында, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі жобалар мен талант-менеджментті басқару бойынша 63 ғылыми-зерттеу жобасы іске асырылуда.
Академиядағы жетістіктер мен табыстар әлемде жоғары бағаланып отырғанын атап өткіміз келеді. Соңғы 3 жылда Академия мемлекеттік басқару саласындағы Америка мемлекеттік басқару жөніндегі қоғам (ASPA), Еуропадағы мемлекеттік басқару институттары мен мектептерінің желісі NISPAsee (Словакия), Мемлекеттік басқару мектептері мен институттарының халықаралық қауымдастығы (IASIA) сияқты жетекші халықаралық ұйымдарға мүше ретінде қабылданды. Жақын арада, ағымдағы жылдың шілде айында Париждегі ОЭСР штаб-пәтерінде Академияны ОЭСР жанындағы Мемлекеттік басқару мектептерінің желісіне қосу туралы шешім қабылданды.
Сөзінің соңында ректор Б. Абдрасилов Академияның 2015–2016 оқу жылына арналған қызметінің негізгі басымдықтарын айтып берді, атап айтқанда құзыреттілік тәсілдеріне негізделген жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеу, оқу бағдарламасына қазіргі оқыту әдістерін енгізу, оқу процесін жетілдіру және жетекші шетелдік орталықтармен тәжірибе алмасу, мемлекеттік қызметшілерді қашықтықтан оқыту, ағылшын тілінде оқытылатын пәндердің тізбесін кеңейту, мемлекеттік тілде ұйымдастырылатын біліктілікті арттыру семинарларының санын көбейту.
Сонымен бірге, магистратура мен докторантураға іріктеудің IELTS, GMAT, GRE емтихандары сияқты халықаралық дәрежедегі танымал әдістерін енгізу арқылы Академияға білім алушыларды іріктеу процесін жетілдіру жұмыстары жалғасады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары