- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына байкерлердің мотошеруі басталды
Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына байкерлердің мотошеруі басталды
Аталмыш шара Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, қоғамды тәуелсіздік, тұрақтылық, бейбітшілік және келісімге негізделген басты құндылықтар төңірегіне топтастыруға, мерекелік іс-шараларға еліміздің барлық азаматтарын тартуға және т.б. септігін тигізеді.
Мотошеруді «Қазақстан географиялық қоғамының» президенті, әлемге танымал саяхатшы Д.И.Петрухин бастамасымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр.
29 тамызда Алматы қаласынан шыққан мотошерушілер 11 қыркүйекте негізгі мерейтойлық шаралар өтетін Астана қаласына келсе, 9 қазанда негізгі мерейтойлық шаралар жалғасатын Тараз қаласына жетеді. Мотошеру жол бойы Қарағанды, Өскемен, Семей, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Актөбе, Арал, Байқоңыр, Қызылорда, Түркістан, Шымкент және т.б. қалаларда болады.
Мотошерушілер әрбір аймақтың басшыларына Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған логотип бейнеленген туды табыстап, кездесулер өткізеді және Қазақстан тарихында маңызы зор тарихи жерлерге барады.
Шеру шамамен 40 күнге созылады.
Мотошеру Қазақстанның көптеген өңірлерін қамтитындықтан халық ең көп қатысатын ауқымды шаралардың біріне айналады деп күтілуде.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»