• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Сингапур арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың келешегі талқыланды

Қазақстан мен Сингапур арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың келешегі талқыланды

2 Қыркүйек, 2015 15:32
Қазақстан Республикасының Сингапурдағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Сингапурдың Үкіметтік инвестициялық корпорациясының президенті Лим Сионг Гуанмен (Lim Siong Guan) кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ.

Елші сұхбаттасын елдің жаңа ақша-несие саясаты жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстырып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» басты қағидаларын түсіндірді.

Лим Сионг Гуан «Нұрлы жол» даму стратегиясының көрегендігін ерекше атап өтіп, Қазақстанды мемлекеттік басқару және экономикалық реформалар салалардағы посткеңестік кеңістіктегі алдыңғы қатарлы мемлекеті деп атады.

Сонымен қатар, сингапурлық корпорациясының топ-менеджменті ү. ж. 18 қыркүйекте Сингапурда жоспарланған «Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» атты роуд-шоуға қатысуға шақырылды.

Айта кетейік,  Сингапурдың Үкіметтік инвестициялық корпорациясы әлемнің 40 елінде ауқымды активтерге инвестиция салатын әлемдегі ірі әл-ауқат қорлардың бірі табылады.

 

Барлық жаңалықтар