- Басты
- Жаңалықтар
- Т. Дүйсенова: 2020 жылы Қазақстанда денсаулықтың электронды паспорты енгізіледі (Фото)
Т. Дүйсенова: 2020 жылы Қазақстанда денсаулықтың электронды паспорты енгізіледі (Фото)
«Біз денсаулықтың жалпымемлекеттік жүйесін әзірлеуге кірістік, ол интеграция, детальданған мәліметтер базасынан тұратын әрбір медициналық ұйымның ықпалдасқан жүйесін қарастырады. Біз бұл ауқымды ақпараттық жүйеде әрбір азаматтың аурухана немесе емхана бойынша қозғалысын біліп отырамыз. Денсаулықтың электронды порталында пациенттің денсаулығы туралы толық ақпарат беріледі», - деді ол.
ДСӘД басшысы атап өткендей, Қазақстан азаматтары емдеу барысында талдаулар мен көрсеткіштердің бірнеше мәрте тапсырылуына душар болып жатады, ондай жағдай орын алмас үшін денсаулықтың электронды паспорты әзірленуде. Ол бір уақытта азаматтар мен медициналық ұйымдар туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді. «Медициналық ұйымдар аталмыш ақпаратты диагнозды дұрыс қою және адамға қатысты манипуляцияны қабылдау үшін қолданады. Бұл электронды паспорттың бізге беретін алғашқы септігі, екіншіден, әр адамға өзінің денсаулығы туралы толық ақпарат беретін жеке кабинет береді», - деді министр.
«Біз бұл жүйені бастадық, көрмеде бұл жүйе таныстырылды. Бұл дәрігерге жазылуды бюро арқылы госпитальдандыру немесе интернет-ресурс арқылы бекітуге әкеледі. Жүйені 2020 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді Т.Дүйсенова.
Индира Кауметова
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады