• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Роскосмос» басшысы И.Комаров «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің ұшырылуына түсініктеме берді

«Роскосмос» басшысы И.Комаров «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің ұшырылуына түсініктеме берді

2 Қыркүйек, 2015 12:28
«Роскосмос» федералды ғарыш агенттігінің бас директоры Игорь Комаров «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі бар «Союз-ФГ» зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин алаңынан ұшырылуына түсініктеме берді.

«Жұмыстың бірінші кезеңі сәті өтті. Біз екі тәуліктен кейін кеменің станциямен түйісуін күтіп отырмыз, жұмыстың екінші бөлігі мәскеулік уақыт бойынша жұмада таңертеңгі  10.42 жүзеге асырылады. Бізде шын мәнінде бірегей жағдай, ХҒС-да әлемнің 5 мемлекетінен келген 9 адам жұмыс істейтін болады», - деді И.Комаров.

Сонымен қатар, ол бүгін ұшырылымға қатысқандардың барлығына алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық ғарыш стансасына аттанған негізгі экипаж құрамында ресейлік ғарышкер Сергей Волков (командир), Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсен мен Қазғарыш ғарышкері Айдын Айымбетов бар.  Ғарыш кемесі стансамен 4 қыркүйек күні түйіседі деп жоспарлануда.

Барлық жаңалықтар