- Басты
- Жаңалықтар
- Қазатомөнеркәсіп Қытай арқылы Солтүстік Америкаға уран жеткізеді
Қазатомөнеркәсіп Қытай арқылы Солтүстік Америкаға уран жеткізеді
Ұлттық компания хабарлағандай, келісім-шартта тауарды уақытша сақтау мен ҚХР аумағы арқылы АҚШ пен Канаданың батыс порттарына транзитті тасымалдау қарастырылған. Қазақстан-қытай ынтымақтастығы Қазатомөнеркәсіптің уран өнімдерін әлемдік нарыққа шығару бағытын әртараптандыруға мүмкіндік береді.
ҚХР-на сапары барысында ұлттық атом компаниясының басшысы Асқар Жұмағалиев Қытай мемлекеттік ядролық корпорациясы (CNNC) Бас директоры Цянь Чжиминьмен кездесті. Тараптар атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша бірқатар мәселелерді талқылады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және CNNC көп жылдық ынтымақтастық тәжірибесіне ие. Қытай мемлекеттік ядролық корпорациясы – толық ядролық отын циклына ие ірі компаниялардың бірі. CNNC тобындағы 110 еншілес кәсіпорында 100 мыңнан астам адам еңбек етеді. Корпорация жиынтық қуаты 9800 МВт-қа тең 12 энергетикалық блокқа ие 6 АЭС пайдалануда.
CNNC-нің еншілес кәсіпорны саналатын CNEIC ядролық отын циклы өнімдерінің импорт және экспортымен шұғылданады.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты -
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек -
Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеру мүмкіндігі -
Әлемдегі эпиджағдай: Чехияда шектеу шаралары күшейтілді, Қытай тағы бір қаланы түгелдей сынақтан өткізуде -
Қазақ тілін IT жобалар арқылы үйренудің жолдары қандай -
COVID-19: 13 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай -
Astana Hub тәжірибесін аймақтарға жеткізеді -
Коронавирус: 22 шілдедегі жағдай -
Нұртас Адамбай: Қазақ жері мен елі арқылы байыған кәсіпкерлер көмекке шықсын -
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қытайда таралған жаңа пневмония туралы хабарламаны жоққа шығарады