Сенат Комитетінде бірқатар заң жобалары қаралды

2 Қыркүйек, 2015 11:43
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында бірқатар заң жобалары қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, «Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасында қылмыстық істер бойынша  өзара құқықтық көмек көрсету келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы қаралды.

«Құжат Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасының құзыретті органдарының қылмыстық істер бойынша  өзара құқықтық көмек көрсетуін реттеуге бағытталған», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Комитетте «Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасында тұлғаларды беруді ратификациялау туралы» ҚР Заңы қаралды. Құжат қылмыспен күрес пен Қазақстан  мен Италия Республикасының құзыретті органдары  арасындағы өзара байланысты реттеуге және қылмыстық жазасын өтеуге қарсылық таныстақандарды реттейді.

 

 

Барлық жаңалықтар