• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Жақыпов: Мәжіліс 2015 жылдың 7-ші қазанына дейін 56 заң жобасын қабылдауы керек

Қ.Жақыпов: Мәжіліс 2015 жылдың 7-ші қазанына дейін 56 заң жобасын қабылдауы керек

2 Қыркүйек, 2015 11:07
Жоспар кестесіне сәйкес, Мәжіліс 2015 жылдың 7-ші қазанына дейін 56 заң жобасын қабылдауы керек, деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Қ.Жақыпов жалпы отырыс барысында.

«Ел Үкіметі экономикалық тұрақтылықты сақтау, халықтың әл-ауқатын нашарлатпау, тәуелсіздікті одан әрі нығайту мен мемлекетімізді жаңғырту бойынша кешенді шаралар қабылданып отыр. Жаңа қаржы-несие саясаты жүргізіледі. Мемлекет басшысы экономикадағы құрылымдық реформаларды жандандыруға және әлеуметтік тұрғыдан әлсіз азаматтарға қолдау көрсететін заңдарды қабылдауға тапсырма берді. Бұл шаралар Парламент пен Үкіметтің үйлесімді жұмысын талап етеді. Сол себептен сессияның бірінші күнінен бастап біз қарқынды жұмыс бастауымыз керек», - деді Қ.Жақыпов.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, Ұлт жоспарын қамтамасыз ететін заңдарды қабылдау арқылы біз жаңа экономикалық саясат жағдайында өмір сүреміз.

«Елбасы айтып өткендей, Парламент пен Үкімет, мемлекеттік органдар  алдында ауқымды жұмыс тұр. Үкіметпен тығыз қарым-қатынастағы жұмыстың жоспары дайындалды,  ол 67 заң жобасынан тұрады, оның ішіндегі 10-ын біздің депутаттар ұсынды. Қазіргі таңда Парламентте әр түрлі қарау деңгейіндегі 19 заң жобасы бар. Олар бойынша жұмысты барынша тездету қажет. 37 заң жобасын бюро қарады. Енді біз оны жұмысқа алып, бірнеше күн ішінде қарау кестесін әзірлеуіміз қажет. Күн сайын жұмыс топтарының отырысы өтеді», - деді Мәжіліс төрағасы.

Депутат атап өткендей, Мәжіліс жоспарға сәйкес 7-ші қазанға дейін 56 заң жобасын қабылдауы керек.

«Өзге 11 заң жобасы  Ұлт жоспарын жүзеге асырудың келесі деңгейіне қалдырылды. Басты назарда жемқорлыққа қарсы шараларды қамтамасыз ететін  тиімді заңнамалық қамтуда болуы керек. Бұл алдағы 3 жылға есептелген бюджет жобасына қатысты. Президент республикалық бюджет тапшылығын 2018 жылға таман 1 пайызға дейін түсіруді тапсырды. Тапшылықты қаржыландыру тек ішкі резервтер есебінен жүзеге асуы тиіс», - деді Қ.Жақыпов.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар