• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанды әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосуда басымдылық адам капиталын дамытуға берілген – ҚР Мемлекеттік хатшысы

Қазақстанды әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосуда басымдылық адам капиталын дамытуға берілген – ҚР Мемлекеттік хатшысы

2 Қыркүйек, 2015 10:49
Қазақстанды әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосуда басымдылық адам капиталын дамытуға берілген, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова "Әлеуметтiк қамсыздандырудың мақсаттарына жетудегi АКТ саласының стандарттары мен бiрыңғай шешiмдерiн қабылдау жолдары" атты халықаралық конференциясы барысында.

«Қазақстанды әлемнің бәсекеге қабілетті және белсенді дамып келе жатқан елдердің қатарына қосуда басымдылық адам капиталын дамытуға берілген. Инновациялық технологияларды енгізу әлеуметтік саясаттағы барлық міндеттерді табысты жүзеге асыруға, халыққа жоғары сапалы қызметті көрсетуге  және тұлғаның дамуына және өзінің орнын табуға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді ол.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, әлемдегі қиын экономикалық жағдайда Қазақстан өзін тұрақты және дамып жатқан мемлекет ретінде көрсетіп отыр.

«Елбасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында жақын болашақта бірыңғай мемлекеттік қызметтер провайдері болатын мемлекеттік корпорацияны құру туралы міндеттін қойды. Қазақстан әлемдік әлеуметтік мәселелерге белсенді тартылған мемлекет ретінде әлемдік тенденциялардан тысқары қала алмайды», - деп түсіндірді Г.Әбдіхалықова.

Осы ремте Мемлекеттік хатшы баса айтқандай, тәжірибе көрсетіп отырғандай мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді тек үйлестірілген әлеуметтік және экономикалық саясатты жүргізе отырып орындай алады.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада "Әлеуметтiк қамсыздандырудың мақсаттарына жетудегi АКТ саласының стандарттары мен бiрыңғай шешiмдерiн қабылдау жолдары" атты халықаралық конференция өтуде. Оған Дүниежүзiлiк банктiң, Халықаралық еңбек ұйымының өкiлдерi мен жеке компаниялардың қызметкерлерi қатысуда.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар