- Басты
- Жаңалықтар
- «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қытай компанияларымен жалпы сомасы 5,1 млрд доллардың келісімін жасады
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қытай компанияларымен жалпы сомасы 5,1 млрд доллардың келісімін жасады
Атап айтқанда, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мен Цзянсу аймағының халықтық үкіметі Люньюньган қаласының порты мен «Қорғас - Шығыс Қақпасы» АЭА-ын дамытуда стратегиялық әріптестік туралы шартқа қол қойды. Келісім бойынша көлік логистика, бағдарлы поездарды тасымалдау, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында қойма-терминалы инфрақұрылымын дамыту жобаларын тараптар бірелесіп жүзеге асырады.
««Масальский ГОК»» ЖШС («Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны) мен Қытайдың техникалық импорт пен экспорт жөніндегі ұлттық корпорациясы Ақмола облысындағы Масальское темір кенішінде тау-кен металургиялық кешенін салуға уағдаласты. Кәсіпорынның қуаты жылына 1 миллион тонна болады деп жоспарланып отыр.
«Самұрық-Энерго» АҚ, Қазақстанның даму банкі және Қытайдың мемлекеттік даму банкі Шелек дәлізінде жел электр станциясын салу шарттарына қатысты ортақ шешімге келді. Кәсіпорын қуаты алғашқыда 60 МВт, ал кейін келе 300 МВт-қа дейін ұлғайту көзделген. Сонымен қатар, Алматы облысында жасыл энергетиканы дамытуға Қытайдың мемлекеттік даму банкі 120 млн. доллар, ал Қазақстанның даму банкі 35 млн. доллар көлемінде займ бөледі.
«ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен CNEIC (China Nuclear Energy Industry Corporation) корпорациясы уран өнімін ҚХР аумағы арқылы АҚШ пен Канадағы тасымалдауға уағдаласты. Осылайша ұлттық компания уран өнімін тасымалдау бағдарын әртараптандыра түспек.
«Біріккен химиялық компания» ЖШС Жамбыл облысында «Глифосат пен үшхлорлы фосфор өндірісі» жобасын қаржыландыру мен іске асыру туралы келісімге қол жеткізді. Осылайша қытай тарапынан жобаны HUALU компаниясы бірлесе жүзеге асырып, Қытайдың мемлекеттік даму банкі өндірісті іске қосуға 100 млн. доллар қаражат қарастыратын болды.
«ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ мен China Kingho Energy Group «Қарағанды СиСиАй» ЖШС атты жаңа бірлескен кәсіпорын құратын болды. Компания Қарағанды облысында көмір өңдеу кешенін салу жобасының операторы болмақ. Жобаның мақсаты көмірден синтетикалық отын алудың тың технологияларын өндіріске енгізу.
Аталған іскерлік келісім шарттар «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы мен Қытай компаниялары арасындағы шикізаттық емес сектордағы әріптестікті нығайтып, Қазақстан экономикасын әртараптандыруға септігін тигізеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы