- Басты
- Жаңалықтар
- Вице-премьер Б.Сапарбаев Қазақстанда АКТ дамытудың жоғары деңгейін атап өтті
Вице-премьер Б.Сапарбаев Қазақстанда АКТ дамытудың жоғары деңгейін атап өтті
Кездесу барысында әлеуметтік қамсыздандыру саласында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану мәселелері талқыланды.
Б.Сапарбаев Қазақстанда әлеуметтік саладағы АКТ дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
«АКТ саласын дамыту серпіні соңғы жылдары екпіндеп өсіп келеді. Жаңа технологияларды енгізудің арқасында әлеуметтік саладағы электронды қызметтер саны жыл сайын артып келеді. Біздің еліміз АКТ дамыту деңгейі бойынша үлкен жетістіктерге жетіп, ТМД елдері арасында жетекші орындарға ие болды», - деп баса айтты вице-премьер.
Ол сондай-ақ Қазақстан дағдарыс кезінде де барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындап отырған әлемдегі санаулы елдердің бірі екенін айтты.
Вице-премьер сондай-ақ Астанада 2-4 қыркүйекте ХӘҚҚ қамқорлығымен әлеуметтік қамсыздандырудағы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бойынша халықаралық конференция өткізудің маңыздылығын атап өтті.
«Осындай ауқымды іс-шара халықаралық ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруға және тәжірибе алмасуға жағымды орта қалыптастырып, Қазақстанның әлеуметтік қамсыздандыруындағы ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытуға жаңа серпін береді», - деп түйіндеді Б.Сапарбаев.
Өз кезегінде Эррол Франк Стуве қазақстандық тарапқа конференция ұйымдастыруға қол ұшын бергені үшін алғыс білдіріп, аталған диалог алаңы әлеуметтік қамсыздандырудағы АКТ саласын одан әрі дамытуға сындарлы шешім жасауға септігін тиігзетініне сенім білдірді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”