- Басты
- Жаңалықтар
- Байқоңырдағы 6 мектеп қазақстандық стандартқа өтті (Фото)
Байқоңырдағы 6 мектеп қазақстандық стандартқа өтті (Фото)
№277 К.Тоқмұхамедов атындағы мектепті өткен «Алғашқы қоңырау» салтанатты шарасына облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысты.
«Биылғы оқу жылы баршамызға үлкен қуанышпен басталып отыр. Өйткені Ресейдің оқу стандартына өтіп кеткен қазақ мектептерін өзімізге қайтарып алдық. Бүгіннен бастап осындағы 6 қазақ мектебі отандық білім беру жүйесімен жұмыс істейді. Бұл Тәуелсіз еліміз үшін және осындағы қаракөз балаларымыздың болашағы үшін маңызды»,- деді Қ.Көшербаев.
Ата-аналардың қуанышында шек жоқ. Түйткілді мәселені шешіп берген Елбасына алғыстарын айтты. Ал, аймақ басшысы бірінші сынып оқушыларына Елбасы атынан «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын табыс етті.
2015 жылға аталған білім беру нысандарының шығындарына республикалық бюджеттен 982,1 млн. теңге қаржы бөлінді. Осы қыркүйек айының өзінде аталмыш білім мекемелерінің материалдық –техникалық керек-жарағын толық қамтуға қосымша 200 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ мұндағы мектептерге қажетті 90442 дана оқулық толығымен жеткізілген.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды