- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьерімен кездесті
Мемлекет басшысы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьерімен кездесті
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен жүздесу барысында қол жеткен уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын дамытуға қосқан үлесі үшін Ли Кэцянға алғыс айтып, ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьерінің былтырғы желтоқсандағы сапарының маңызына тоқталды.
«Сіз Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін қалыптастыру ісіне зор үлес қостыңыз. Қазір біз қол жеткізген уағдаластықтар мен бірқатар өнеркәсіп орындарын Қазақстанға көшіру жөніндегі ұсыныс толық қарқынмен жүзеге асырылуда. Соның нәтижесі ретінде бүгінге дейін бірлескен индустриялық нысандар құру туралы 25 келісімге қол қойылды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті сондай-ақ «Нұрлы жол» және «Жаңа Жібек жолы» бағдарламаларының синергиясы екі елдің стратегиялық ынтымақтастығын нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты.
«Қазіргі уақытта Қазақстаннан Ресейге қарай автомобиль жолы, Иран арқылы Парсы шығанағына қарай теміржол салынды, Каспий теңізінде теңіз порты құрылды, Орталық Азияның барлық мемлекеттері Қорғас арқылы байланыстырылды. Жаңа Жібек жолының Қазақстан арқылы өтетін бөлігі толығымен дайын деп сеніммен айтуға болады», – деді Мемлекет басшысы.
Ли Кэцян Қазақстан мен Қытай халқы арасындағы достықты нығайтудағы рөлі мен елдеріміздің қарым-қатынастарын жаңа сапалы деңгейге шығару ісінде Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесі зор екенін атап өтті.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады