1 қыркүйек күні Астанада 3 мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2015 18:27
1 қыркүйек күні Астанада 3 мектеп ашылды. Олар №77,79,81 мектептері, деп хабарлады Астана қаласы білім беру басқармасының жетекшісі Эльмира Суханбердиева дарынды балаларға арналған № 81 «Astana English School» гимназиясының ашылу салтанатында.

«Бүгін біз 3 астаналық мектептің ашылуына куә болдық, олардың табалдырықтарын мыңдаған оқушы аттады. Бұл қазақ тілінде білім беретін № 77 мектеп, №79  қазақ және орыс тілінде білім беретін аралас мектеп пен ағылшын тілінде білім беретін № 81 «Astana English School». Біз Елбасы Н.Назарбаевтың қалауын орындап жатырмыз, жыл сайын Астанаға 5 мың бала келеді, бұл үш жаңа мектепті қамтиды. Барлық ата-аналар қуанышты деп ойлаймыз, балалардың мұндай мектептерде жақсы оқымауы мүмкін емес»,  - деді астаналық білім беру басқармасының  төрағасы.

Сондай-ақ, Э.Суханбердиева атап өткендей, 2015 жылдың соңына дейін Астанада тағы 2 жаңа мектеп ашылмақ.

Айта кетейік, бұл оқу жылы 2 млн 600 мың оқушы 7,5 мың мектепке барады, ал бірінші сыныптың табалдырығын аттаған оқушы саны 336 мыңға тең.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар