- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Президенті ТМД елдері басшылары Кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан Президенті ТМД елдері басшылары Кеңесінің отырысына қатысты
«Нұрсұлтан Назарбаев ТМД дамуы тұжырымдамасын қабылдау мен оның орындалуындағы негізгі шаралар жоспарының маңызын айтты», - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының айтуынша, 2011 жылы қол қойылып, көптеген мемлекеттер ратификациялаған Еркін сауда аймағы туралы шарт инфрақұрылымдарды дамытуға, сондай-ақ одан арғы көптарапты ынтымақтастық үшін тиісті құжаттар қабылдауға мүмкіндік береді. Қауіпсіздік үшін сын-қатерлер мен қауіптің өсуі елдеріміздің құқық қорғау органдарының келешекте бірлесіп жұмыс істеуі қажеттілігін туғызып отыр. Бұған қоса, біз 2014 жылды Достастық шеңберінде Туризм жылы деп жариялауды ұйғардық. Біздің үкіметтеріміз елдеріміздің азаматтарының көбірек араласып, өзара қарым-қатынасын нығайтуға көмектесетін тиісті бағдарламалар қабылдайды.
Қазақстан Президенті «Достастықтың мәдени астаналары» бағдарламасы аясындағы іс-шаралардың маңыздылығына да тоқтала келе, 2014 жылы ТМД-ның мәдени астанасы Алматы қаласы болатындығын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылды ТМД-да Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жылы деп жариялау және Жеңістің 70 жылдығына қарай Достастық аумағында бірыңғай мерейтойлық награда бекіту жөнінде қабылданған шешімге қолдау білдірді.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Украинаның ТМД-ға келесі жылғы төрағалығы Достастықты одан әрі нығайтуға және дамытуға септігін тигізеді деп үміттенетінін білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру