- Басты
- Жаңалықтар
- ЕҰУ-де ИИДМБ мамандарды даярлау аясында 200-ден астам адам оқытылады
ЕҰУ-де ИИДМБ мамандарды даярлау аясында 200-ден астам адам оқытылады
«Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкциясын өндіру» және «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтары бойынша болашақ мамандарды даярлау жүзеге асырылады, деп хабарлады ЕҰУ.
«Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы - 2 орындауының шеңберінде үкіметтік шешімнің негізінде 10 базалық жоғары оқу орындары тізіміне кіреді және «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкциясын өндіру», «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтары бойынша болашақ мамандарды даярлау үшін ЕҰУ-ға бұрын-соңды болмаған орын бөлінді», - деп хабарлады университеттеің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ биыл оқу орнының басшылығы студенттік жастардың сапалық құрамына да ерекше көңіл бөлді: құқықтану, халықаралық құқық, халықаралық қатынастар, экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент мамандықтары бойынша өту ұпайы 70-тен 80 баллға дейін өсті.
«Ең бастысы, магистратураға алғаш рет мемлекеттік тапсырыс бойынша 1006 орын бөлінді (985 - өткен жылы) және былтыр ақылы негізде 128 магистранттар түссе, биыл да сол шамада қабылданып отыр. Ал докторантурада ақылы негіз жоқ, мемлекеттік тапсырыс бойынша 91 адам оқитын болады (өткен жылы 70)», - делінген хабарламада.
Айта кетерлік жайт, еліміздің бірінші ұлттық жоғары оқу орнының білім беру қызметі сапаны қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз қазақстандық агенттігінің рейтингімен бағаланды, ЕҰУ тағы да бірінші орыннан көрінді.
Индира Кауметова
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды