- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 70 мыңға жуық бүлдіршін алғаш мектеп табалдырығын аттады (ФОТО)
ОҚО-да 70 мыңға жуық бүлдіршін алғаш мектеп табалдырығын аттады (ФОТО)
«Облыста 18 112 оқушы ҰБТ тапсырып, олардың орташа көрсеткіш 78,8 баллды құрады. Оған қоса әрбір үшінші «Алтын белгі» иегері біздің мектептердің түлегі», - деп атап өтті өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов.
Облыс басшысы өз сөзінде биылғы жаңа оқу жылында 70 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырғанына тоқталды. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш. «Еліміздегі ең жоғары туу көрсеткіші біздің облыста тіркеліп отыр. Тұрғындардың әл-ауқаты жылдан жылға жақсарып келе жатқаны да талассыз», - деді Б.Атамқұлов.
ОҚО жаңа оқу жылында 49 жаңа білім беру мекемесі пайдалануға берілсе, соның 22-сі бүгін, 1 қыркүйек күні ашылды.
Сондай-ақ, Б.Атамқұлов атқарылған жұмыстардың нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 21-ге дейін қысқаратынына назар аударды. Ал, 46 апатты жағдайдағы мектептен бар-жоғы 17-сі қалмақ. Оған қоса биыл ОҚО-да 74 мектеп күрделі жөндеуден, 675 мектеп ағымдағы жөндеуден өткізілді. Жалпы, өңірдегі үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер проблемасы 2016-2017 жылдары толығымен шешіледі деп жоспарлануда.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады