• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сапарбаев ғарышкер А.Айымбетовке ХҒА ұшу үшін Қазақстанның туын тарту етті (ФОТО)

Б.Сапарбаев ғарышкер А.Айымбетовке ХҒА ұшу үшін Қазақстанның туын тарту етті (ФОТО)

1 Қыркүйек, 2015 17:08
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев 2 қыркүйек күні Халықаралық ғарыш станциясына аттанатын ғарышкер Айдын Айымбетовке мемлекеттік туды тарту етті.

Б.Сапарбаев А.Әйімбетовқа Қазақстан халқы Ассмаблеясының және «ЭКСПО-2017» туын тарту етті және ғарыш кемесі экипажының өзгеде құрамына сәттілік тіледі, олар: командир  Сергей Волков (Роскосмос) және Андреас Могенсен (ЕҒА).

«Құрметті ғарышкерлер сіздерге қазақстандықтардың және ҚР Президенті атынан қош келдіңіздер деймін. Сергей осымен үшінші рет ұшуда, ол Волковтар әулетінің жалғасы. Егер  сіздің әкеңіз Тоқтар Әубәкіровпен бірге ұшса, енді міне біздің Айдын сізбен ұшпақшы. Сіздердің қастарыңызда Дания азаматы Андреас Могенсен бар. Біз сіздерге сәттілік тілейміз», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Өз кезегінде, А.Айымбетов ғырыш сапарының ғылыми жұмысын сапалы жүзеге асыруды уәде етті.

«Қазақстанның ғарыш қызметі айтарлықтай дамуда. Астанада ұлттық ғарыш орталығы салынуда. Қазақстан әлемнің ғарыш державалары қатарына қосылуда. Еліміз осындай табысқа жетіп жатқанына куаныштымын», - деді А.Айымбетов.

Барлық жаңалықтар