- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында 600 орындық мектеп ашылды
Жамбыл облысында 600 орындық мектеп ашылды
М. Х. Дулати атындағы білім нысанының салтанатты ашылуына Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев қатысты. Мектептің құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған болатын. Мердігер компания- "Ник Тараз" ЖШС. Жобаның сметалық құны 930, 327 млн. теңгені құрайды. Мектеп 650 оқушыға арналған, 2 қабаттан және 3 блоктан тұрады. Мұнда 70 мұғалім қызмет етеді, оның 63-і жоғары, 7-і арнайы орта білімді. Нысан барлық қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықталған.
Ағымдағы жылы облыста 449 мектеп жұмыс істейді. Жаңа оқу жылында 7 мектеп пайдалануға берілді. Бұлар: Жамбыл ауданы Еңбек ауылындағы 120 орындық, Қордай ауданы Қақпатас ауылындағы 250, Қордай ауылындағы 300, Меркі ауданы Интернациональное ауылындағы 300, Т. Рысқұлов ауданы Юбилейное ауылындағы 300, Шу ауданы Бірлік ауылындағы 600 және Бөлтірік ауылындағы 150 орындық орта мектептер.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың аяғына дейін 6 нысан пайдалануға беріледі (2мектеп, 4 балабақща). Жамбыл облысында 2015-2016 оқу жылында оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдарды алу және жеткізу үшін 918 млн. 683 мың теңге бөлінді.
Айта кетейік, бүгін барлық бірінші сынып табалдырығын аттанған оқушыларға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан "Менің Отаным-Қазақстан" кітабы тарту етілді.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда