• Басты
  • Қазақстанның елордасында дарынды балаларға арналған ағылшын тілінде білім беретін мектеп ашылды

Қазақстанның елордасында дарынды балаларға арналған ағылшын тілінде білім беретін мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2015 16:37
Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Астанада Білім күні ашылған дарынды балаларға арналған жаңа елордалық №81 «Astana English School» мектеп гимназиясын аралады.

«Бүгін біз Астана қаласындағы жаңа №81 мектептің ашылуына қатысып отырмыз. Ол 1200 балаға есептелген және оқуышылар жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастауда. Менің ойымша бұл мектеп қала үшін, елорда тұрғындары үшін, жалпы мемлекетке қуаныш сыйлауда», - деп мәлімдеді министр.

А. Сәрінжіпов атап өткендей, бұл мектептің басқаларға қарағанда өзгешелігі мұнда оқушылар қазақ және ағылын тілінде оқытылады. «Бүгін біз биология сабағына қатыстық, бұл пәнді  ағылшын тілін иеленуші өткізеді. Бұл уақыт талабы  біздің оқушыларымыз, түлектеріміз бәсекеге қабілетті болуы тиіс, сондықтанда біз Елбасының «100 нақты қадам» саясаты аясында үш тілді білім беру саясатын жүзеге асырудамыз», - деді БҒМ басшысы.

Алғашқы қоңыраудан кейін А.Сәрінжіпов пен ҚР БҒМ қызметкерлері жаңа гимназиямен танысты, олар 5 және 7 сынып оқушыларының ағылшын тілі пәнінің интерактивті сабағына қатысты.

Айта кетерлік жайт, № 81 «Astana English School» мектеп гимназиясының ауданы 11765,60 шаршы метр, барлығы 54 сыныбы бар, олардың 2-уі мультимедиялық сыныптар болып табылады, тағы салтанат залы, кітапхана мен шеберханалары бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы елімізде бірінші сынапқа 340 мыңға жуық бүлдіршін барды. Олардың әрқайсысы, оның ішінде № 81 мекптеп гимназиясының 34 бірінші сынып оқушысы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан «Менің Отаным - Қазақстан» кітабын сыйлыққа алды.

Индира Кауметова

Суретке түсірген Азамат Әлиев

 

Барлық жаңалықтар