- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы заң жобасын қарайды
Мәжіліс «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы заң жобасын қарайды
«Елбасымыздың Ұлт Жоспарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге байланысты барлығы 67 заң қабылдау ұсынылып отыр. Біз оны абыроймен орындауымыз қажет. Қазірдің өзінде 37 жаңа заң жобасы Мәжіліс қарауына енгізілді»,- деді Мәжіліс Төрағасы Қ.Жақыпов депутаттардың жазғы каникулы кезінде Премьер-Министр бастаған Жаңғырту жөніндегі Ұлттық Комиссия Президент Әкімшілігімен, Үкіметпен, Парламент Палаталарының Аппараттарымен етене жұмыс атқарғанын айта келіп.
Ал бұрыннан Мәжіліс қоржынында жатқан 7 заң жобасын қосқанда, алдағы жалпы отырыста депутаттар талқысына 44 заң жобасы ұсынылмақ.
Осыған байланысты Халықаралық істер, Қорғаныс және Қауіпсіздік комитетіне 10, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне 8, Қаржы және бюджет комитетіне 7, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетіне 4, Әлеуметтік және мәдени даму комитетіне 8, Аграрлық мәселелер комитетіне 2, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетіне 5 заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындау көзделіп отыр.
Олардың қатарында мемлекеттік қызмет, Жоғары Сот Кеңесі, Қоғамдық кеңестер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы, Еңбек кодексінің жобасы жөнінде, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Органикалық өнім өндіру, ақпаратқа қол жеткізуге қатысты, сондай-ақ, Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары бар.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары