Елорданың тұрақтандырылған қорында 546 тонна өнім бар

1 Қыркүйек, 2015 16:14
Елорданың тұрақтандырылған қорында 546 тонна өнім бар, оның ішінде 285 тонна күріш, 200 тонна қант, 62 тонна қарақұмық, деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин ОКҚ брифингінде.

«Өткен жылы біз 285 млн теңгеге 3,5 мың тонна өнім сатып алдық. Тұрақтандырылған қордың өнімі нарықтық тауар бағасынан 15-20 пайызға төмен бағаға сатылуда. Қазіргі таңда тұрақтандырылған қорда 546 тонна өнім жатыр. Оның ішінде 285 тонна күріш, 200 тонна қант, 62 тонна қарақұмық», - деді А.Лукин.

Бүгінгі таңда Астана қаласының үш ауданында ауыл шаруашлығы жәрмеңкелері өтуде, онда нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен тауарлар сатылады.

«Аталмыш жәрмеңкелердің негізгі қатысушылары  болып өндірушілердің өздері болып саналады.Бүгінгі таңда 102 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісінің қатысуымен 44 жәрмеңке өтті. Жәрмеңке өткізілуінің басынан бастап 56 млн теңгенің 471 тонна өнімі сатылды», - деді ол.

Сондай-ақ, қазіргі таңда өңірлердің  қатысуымен өтетін қосымша жәрмеңкелер өтуде. Мәселен, 22 және 23, 29 және 30 тамызда Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтті, шарада 230 тонна өнім сатылды.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар