• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Лукин: Теңгенің еркін айналымға шығуынан кейін Астанада дүкендер мен айырбастау пункттері, ЖЖБ бағаларына күн сайын мониторинг жүргізіледі

А.Лукин: Теңгенің еркін айналымға шығуынан кейін Астанада дүкендер мен айырбастау пункттері, ЖЖБ бағаларына күн сайын мониторинг жүргізіледі

1 Қыркүйек, 2015 16:03
Теңгенің еркін айналымға шығуынан кейін Астанада дүкендер мен айырбастау пункттері, ЖЖБ бағаларына күн сайын мониторинг жүргізіледі, деді Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да.

«Теңге еркін айналымға шыққан соң, қала әкімдігі күнделікті түрде валюта айырбастау пункттері, электроника тауарларын сату дүкендерінде, жанар-жағармай бекеттерінде бағаға мониторинг жүргізеді», - деді А.Лукин.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда аталмыш сауда орталықтары мен жанармай бекеттерінде, айырбастау пункттерінде ешқандай ажиотаж болған жоқ. Нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде.

«Оған қоса, электроника дүкендерінде сату өсімі байқалған. Электроника техникасының нарығында бағалардың ауытқуы байқалмады. Кейбір тауарлардың бағасына өзгерістер енді. Бұл теңге бағамына байланысты емес», - деді әкім орынбасары.

Анар  Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар