- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда бірінші сыныпқа 26 мың оқушы барды
Алматыда бірінші сыныпқа 26 мың оқушы барды
Қала әкімі биыл Алматы мектептерінде 210 мыңнан астам оқушының дәріс алатындығын, соның ішінде 26 мыңнан астам бүлдіршіннің бірінші сынып табалдырығын аттағанын атап өтті. Жалпы қалада 244 мектеп бар, оның 202-і мемлекеттік.
«Елбасының кемеңгер әрі көреген саясаты арқасында жаңа мектептер салынуда, құрал-жабдықтар жаңартылуда, жас ұрпақтың сапалы білім алуына барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Білім деңгейін бұдан да жоғары көтеру үшін біз мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуын одан әрі жақсартатын боламыз», - деді Бауыржан Байбек.
Алматыда соңғы 5 жыл ішінде 12 мектеп салынды. Оның үстіне, білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінде қаланың 1500 мұғалімі жергілікті бюджет есебінен 150 мыңнан 300 мың теңге көлемінде сыйақы алды. Биыл білім саласына, құрылысты есептемегенде 54,5 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға көп. Оның 2 млрд. теңгесі ғана оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды алуға жұмсалды. Балалардың оқулықтармен қамтамасыз етілуі 100%.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде