• Басты
  • Жаңалықтар
  • Парламентке жаңа экономикалық саясат бойынша 16-ға жуық заң жобасы келіп түсті - депутат

Парламентке жаңа экономикалық саясат бойынша 16-ға жуық заң жобасы келіп түсті - депутат

1 Қыркүйек, 2015 15:04
Парламентке жаңа экономикалық саясат бойынша 16-ға жуық заң жобасы келіп түсті, деді Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева Қазақстан Парламенті палаталары отырысының аяқталуында.

«Қарауға келіп түскен заң жобаларының 30 пайызы  - 16 заң жобасы – жаңа экономикалық саясатқа қарасты. Оның аясында индустриалды – инновациялық, ғылыми қызмет нәтижеге көрсетуге бағытталған. Сондай-ақ, құқықтық заң жобалары да бар. Экономика  Конституция негіздеріне сүйенетін әділ сот жүйесі  жұмыс істегенде ғана тиімді жүзеге асады», - деді А.Соловьева.

Депутат атап өткендей, құқыққорғау органдары туралы заң жобасы келіп түскен.

«Біз рұқсат беру мен өтініштер туралы заң жобасын күтудеміз. Бұл орайда бизнеске кедергі келтіретін кедергілер алынады», - деді ол.

Айта кетейік, ҚР Парламентіне 60-қа жуық заң жобасы келіп түсті.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар