• Басты
  • Жаңалықтар
  • Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады

1 Қыркүйек, 2015 14:21
Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің орталық алаңында білім күніне арналған «100 нақты қадам: білім беру және білім» атты салтанатты шара өтті.

« ҚР Президентінің «100 нақты қадам» аясында біз, жастар  білім беру мен ғылым жүйесін жетілдіру арқылы елдің дамуына үлес қосамыз. ЕҰУ-нің барлық студенттері мен астаналық студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтаймын. Осы жылы біздің таңдауымыз өте жоғары, оқуға түсушілердің қатары  «Алтын белгіні» иеленгендер. Біз бүгінгі таңда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де үздік студенттер білім алып жатқаны қуантады», - деді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де әлеуметтік-азаматтық даму департаментінің директоры Әлібек Мәдибеков.

Айта кетейік, осы жылы Еуразия ұлттық университетіне 2700 грант иегері болса, оның ішінде 449 «Алтын белгі» иегері, 231 халықаралық, республикалық және президенттік олимпиадалар мен спорттық шаралардың жеңімпазы бар. Ауылдық квота бойынша 362 адам білім алады. 33 абитуриент жетім балаларға арналған квота бойынша грантқа ие болды.

Мерекелік шараны «Самұрық» би ұжымының және Ибрахим Ескендір, күйші Айбек Бекбосынов, ағайынды Жүгінісовтердің  қатысуымен басталған концерттік бағдарлама жалғастырды.

Сондай-ақ, бұл күні ЕҰУ студенттерінің қолөнер бұйымдары көрмесі ұйымдастырылды.

Шараға Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары, жазушылар, ақындар, ғалымдар мен Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері қатысты.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар