• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Соловьева: Парламент қарауына келіп түскен заң жобаларының 40%-ға жуығы азаматтар құқығын қорғау бойынша

А.Соловьева: Парламент қарауына келіп түскен заң жобаларының 40%-ға жуығы азаматтар құқығын қорғау бойынша

1 Қыркүйек, 2015 14:07
Парламент қарауына келіп түскен шамамен 60 заң жобасының 40%-ға жуығы азаматтар құқығын қорғау бойынша және 5 институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева Қазақстан Парламенті палаталарының отырысында.

«Бізге 60-қа жуық заң жобасы келіп түсті, олар көбіне  5 институционалды реформа  100 нақты қадамды жүзеге асыруға бағытталған. Заң жобалар, экономика, шағын және орта бизнес, қоғам мен азаматтық құқықты қорғау тақырыптарын қамтыған. Мен заң жобалар жоспарын қарап шықтым, онда шамамен 30% бизнеске қолдау көрсетуге бағытталған, тағы 40%-ға жуығы азаматтық құқықты қорғау бойынша», - деді А.Соловьева.

Бұдан басқа, оның айтуынша, Парламентке үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы заң  жобасы келіп түсті.

«ҚР Парламентіне жылдам әрі тиімді жұмыс істеу керек болады», - деп толықтырды.

Естреңізге сала кетейік, ҚР Парламенті  Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов ҚР Парламентінің бесінші сессиясын ашық деп жариялады.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар