• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық полиция қызметкерлері жыл соңына дейін шамамен 6 мың бейнетіркеумен қамтамасыз етіледі

Қазақстандық полиция қызметкерлері жыл соңына дейін шамамен 6 мың бейнетіркеумен қамтамасыз етіледі

1 Қыркүйек, 2015 13:18
2015 жылдың соңына дейін полиция қызметкерлері шамамен 6 мың бейнетіркеу құрылғысымен қамтамасыз етіледі, деп хабарлады ҚР ІІМ әкімшілік полициясы комитетінің төрағасы Игорь Лепеха ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

«Жол-патрульдік полиция қызметі жергілікті полиция қызметінің құрамына көшеді. Бүгінгі таңда бұл қызметті бейнетіркеу құрылғысымен қамтамасыз ету бойынша міндет қойылды. Егер автокөліктердің бейнетіркеу құрылғысымен қамтамасыз ету туралы айтатын болсақ, ол шамамен 70% құрады. Бұдан басқа тағы да өзімен бірге алып жүретін 3 мыңдай бейнетіркеу сатып алынды. Біз жергілікті әкімдіктермен белсенді жұмыс жүргізудеміз. Бүгінгі таңда бізде  жол-патрульдік полицияны бейнетіркеумен қамтамасыз ету нормалары келісіліп қойылған. Бұйрық Қаржы министрлігімен келісілген және қол қойылған. Қазіргі таңда Әділет министрлігінің  мақұлдауына жіберілген, менің ойымша бұл тек техникалық жұмыстар ғана», – деді И. Лепеха.

Осылайша, оның айтуынша, жол-партульдік полицияның барлық жасақтары жүз пайыз бейнетіркеумен қамтамасыз етіледі.

«Болашақта бұл құрылғымен учаскелік полиция мен кәмілет жасқа толмағандардың істері бойынша инспекторларда қамтамасыз етіледі. Содан соң, әр аймақтық қаржы жағдайына және қажеттілікке қарай халықпен тікелей жұмыс істейтін барлық полиция қызметкерлері өзімен бірге алып жүретін бейнетіркеумен қамтамасыз етілетін болады», – деп түйді ол.

Анар Тәңірқұлова 

Барлық жаңалықтар