- Басты
- Жаңалықтар
- Білім күні барлық бірінші сынып оқушылары Елбасы Н.Назарбаевтың атынан алғашқы кітаптарына ие болды (Фото)
Білім күні барлық бірінші сынып оқушылары Елбасы Н.Назарбаевтың атынан алғашқы кітаптарына ие болды (Фото)
«Менің Отаным-Қазақстан» кітабы қазақстандық халықтың мәдениеті мен тарихының негізгі аспектілерін қамтыған. Қазақстандық халықтың дәстүрі мен тұрмысы, өңірлердің ерекшелігі мен республиканың басты қалалары туралы мәлімет барлық бірінші сынып оқушыларына түсінікті болмақ.
Жинақтың алғашқы бетінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші сынып оқушыларына арналған құттықтау сөзі орын алған.
«Қымбатты жас дос! Сен жаңа белеске қадам бастың мектепке келдің, оқушы болдың! Бұл сен үшін үлкен мереке. Ал, мерекеге сыйлық беріледі. Бұл кітап менің саған жасаған сыйлығым! Мектепте сені қызықты жағдайлар мен ғажайып оқиғалар күтіп отыр. Қазақстан Біздің Отанымыз. Өз Отаныңның тарихы мен мәдениетін, ана тіліңді білуің керек. Бұған алғашқы ұстазың мен оқулықтарың, осы кітабың көмектеседі. Қазақстанның болашағы жарқын. Елімізде татулық, береке болады. Оған достарыңмен бірге сенде үлесіңді қосасың. Білім әлеміңе саяхатын сәтті болсын!», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірінші сынып оқушыларына арнаған құттықау сөзінде.
Кітаптың алғашқы бетінде бірінші сынып оқушысы Қазақстан Республикасы туралы маңызды мәліметтерге ие болады. Оқушы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері - Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Туы және Әнұраны туралы мәлімет алады. Сонымен қатар, оқушы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясы туралы ақпаратқа қанық болады.
Оған қоса, кітап арқылы оқушы ұлан байтақ елінің табиғаты мен тарихы туралы маңызды ақпарат алады. Кітаптың тағы бір бөлігі қазақстандық халықтың салт-дәстүріне, болмасына арналған.
Сонымен қатар, кітаптың тағы бір бөлімі еліміздің ғарыш саласын бағындыруы жайлы сыр шертеді. Оқушылар ғарыш саласының тарихы мен ғарышкерлер суреттерін тамашалап, «Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы жан-жақты біле алады.
Айта кетсек, осы жылы бірінші сыныпқа 336 мың оқушы барады, оған қоса жаңа оқу жылында 7,5 мың мектепте 2 млн 600 мың қазақстандық оқушы білім алады.
Индира Кауметова
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері