• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасы депутаттарға 5 реформа мен «100 қадамды» жүзеге асыруда сәттілік тіледі

Елбасы депутаттарға 5 реформа мен «100 қадамды» жүзеге асыруда сәттілік тіледі

1 Қыркүйек, 2015 13:09
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Пекиндегі баспасөз конференциясы барысында депутаттар мен парламентарияларға 5 реформа мен «100 қадамды» жүзеге асырудағы белсенді жұмыста сәттілік тіледі.

«Көп жылдардың ішінде  тұңғыш рет мен Парламент жұмысын аша алмадым. Конституция маған  бұл  рәсімді Парламент спикеріне тапсыруға мүмкіндік береді. Сондықтан да Парламент  жұмысын Мәжіліс төрағасы Қ.Жақыпов ашады.  Мен депутаттар мен парламентарилерге сәттілік тілеймін. Олардың алдында 5 реформа мен «100 қадамды» жүзеге асыру бойынша үлкен жұмыс тұр. Жыл соңына дейін 57 заңнамалық актіні қабылдау қажет, ол 5 реформаны жүзеге асыруға бағытталған», - деді Елбасы.

Елбасы депутаттар тапсырмаларға жауапкершілікпен қарап, елдегі маңызды реформаға атсалысатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, 31 тамызда Елбасы Н.Назарбаев жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына келді.

Елбасы Н.Назарбаев ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжаттардың жүзеге асуына қатысты.

 

Барлық жаңалықтар