- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар сапалы дәрілік заттарды төмен бағамен сатып ала алады - ДСӘДМ
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар сапалы дәрілік заттарды төмен бағамен сатып ала алады - ДСӘДМ
Дәрілік заттар мен медициналық өнімдер Еуразия Экономикалық Одақ аумағында Еуропалық Одақ қағидалары мен тәсілдері негізінде жасалған бірыңғай ережелердің тіркеу тәртіптерінен өткеннен кейін еркін айналымда болады. Сондай-ақ, дәрілік заттарды, медициналық қолданылуларды таңбалау, айналымды қадағалау мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында мемлекеттік тілді қолдану бойынша ұлттық талаптар сақталатын болады.
«Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз етудің негізгі міндеттері ҚР ДСӘДМ Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы ұлттық сараптау орталығына жүктелген», - делінген хабарламада.
Биыл ДЗҰСО сынақ орталығы Еуропа кеңесінің дәрілік заттардың сапасын бақылау Еуропалық директоратында EDQM) аккредитациядан өтеді. Оған мүше болу ДЗҰСО-да жасалатын сынақтардың нәтижесінің халықаралық деңгейде мойындалуын және дәрілік заттарды сынақтан өткізу мәселелері бойынша Еуропа елдерімен тәжірибе алмасуды қамтамасыз етеді.
Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналымын өзара инспекциялауды мойындау мақсатында ЕАЭО-ның барлық елдері PIC/S құрамына кіруі керек. PIC/S – фармацевтикалық инспекция бойынша конвенция мен фармацевтикалық инспекциялар ынтымақтастық жүйесі – GMP саласындағы өзара белсенді және құрылымдық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін елдердің фармацевтикалық секторларын реттеуші органдар арасындағы екі халықаралық келісім болып табылады. Қазақстан мен Белорусь PIC/S құрамына ену үшін өтініш білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 29 мамырында ортақ қызметтер, тауарлар нарығы, капитал мен одаққа мүше мемлекеттердің жұмыс күшін жасақтау қарастырылған Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы Келісімге қол қойылды. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай қағидалары мен тәртіптері туралы келісімге 2014 жылдың 23 қаңтарында қол қойылды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек