• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР жергілікті полиция қызметі өз жұмысын 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан бастайды

ҚР жергілікті полиция қызметі өз жұмысын 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан бастайды

1 Қыркүйек, 2015 12:39
Қазақстанда құрылып жатқан жергілікті полиция қызметі өз жұмысын заң қабылданған соң 2016 жылдың 1 –ші қаңтарынан бастайды, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха.

«Заң жобасы қоғамдық кеңестердің өкілеттерінің кеңеюін қарастырады. Ол полицейлердің қызметтік этиканы бұзу нормасына байланысты арызды қарастыруға арналған. Өз кезегінде жергілікті полиция қызметі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз қызметін бастайды», - деді И.Лепеха.

Құқық бұзудың алдын алу  өңірлік ведомствоаралық комиссия өкілдері облыс және аудан әкімдері болып саналады,аталмыш комиссия өкілдерінің рөлін арттыру мәселесі талқылануда.

«Жергілікті полиция қызметінің үйлестіру жұмысы мен оның жұмысын жетілдіру,  құқықтық базасын дамыту жұмыстарына ІІМ жауап береді»,- деді ол.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар