• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да жергілікті полиция қызметінің басшыларын облыс әкімі тағайындайтын болады

ҚР-да жергілікті полиция қызметінің басшыларын облыс әкімі тағайындайтын болады

1 Қыркүйек, 2015 12:32
«ҚР жергілікті полиция қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер енгізу туралы» заңжобасына сәйкес жергілікті полиция қызметінің басшылары мен орынбасарларын ҚР ІІМ ұсынысымен және облыс маслихатының мақұлдауымен облыс әкімі тағайындайтын болады, деп хабарлады ҚР ІІМ әкімшілік полциясы комитетінің төрағасы Игорь Лепеха ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

«Заң жобасының жаңашылдықтарының бірі жергілікті полиция қызметінің басшылары мен орынбасарларын ҚР ІІМ ұсынысымен және облыс маслихатының мақұлдауымен облыс әкімі өзі тағайындайтын болады. Аймақтарда әкімдерге сеніп тапсырылған аумақта тәртіпті қамтамасыз ету  бойынша механизмдер артады, осылайша олардың жергілікті полиция қызметі үшін жауапкершілігі де өседі», – деді И. Лепеха.

Сонымен қатар, оның айтуынша, ЖПҚ басшыларының кем дегенде жылына екі рет әкімдіктер мен маслихат алдында, жылына бір рет халық алдында жүйелі түрде есеп беруі енгізілуде.

«Бұл есеп беру қызмет жұмысының ашықтығына оң әсер етеді және халықтың оған деген сенімін арттырады. Осылайша жергілікті полиция қызметін бағалауда халықтың оларға деген көзқарасы басты критерий болмақ», – деп атап өтті ол.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар