- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 1200 орынға есептелген мектеп-лицей ашылды (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Астанада 1200 орынға есептелген мектеп-лицей ашылды (ФОТОРЕПОРТАЖ)




«Бүгінде бізде бүкіл Қазақстан бойынша Білім күні. Бұл өте жарқын мейрам, себебі бұл күні жаңа оқу жылы басталады. Ағымдағы жылы бізде еліміз бойынша 157 жаңа мектеп ашылады, оның 84 дәл бүгін өз есіктерін айқара ашпақ. Осындай мектептердің бірі Астанадағы №77 мектеп. Мұнда қазақ тілінде білім беріледі және ол 1200 балаға есептелген. Бұл ауданда жаңа тұрғын үйлер көптеп салынуда, сондықтанда мектепке деген сұраныс жоғары болары сөзсіз», - деді білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев.
№77 мектеп-лицейі қазақ тілді болып келеді, алайда мұнда мемлекеттік тілмен бірге орыс және ағылшын тілдері де үйретіледі. «Елбасы шын мәнінде үштілділік болсын деген міндет қойды, аталмыш білім ошығында бұл тенденция анық байқалатын болады», - деп атап өтті вице-министр.




Алғашқы қоңырау күні барлық бірінші сынып оқушыларына салтанатты түрде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы «Менің Отаным - Қазақстан» тарту етілді.
«Бұл кітап бала мектепке келген сәттен бастап өзінің Отаны туралы қажетті мәліметтерді білуі үшін жасалды. Менің ойымша, бұл бірінші сынып оқушысы үшін лайықты сыйлық», - деді Т.Балықбаев.
Вице-министр бірінші сынып оқушылары мен мұғалімдерді Білім күнімен құтықтады.
«Біз Астана қаласы әкімдігі мен Есіл ауданының әкімдігін және құрылысшыларға мектебімізді салып бергені үшін алғысымызды айтамыз. Жаңа мектеп жаңа мақсаттар, сондықтанда еліміздің барлық оқушыларына жаңа оқу жылында табыс тілейміз», - деп түйді ол.




Бұдан басқа, № 26, № 37, № 38 мен Хусейн бен Талал көшелернің орамындағы 1200 орынға есептелген жаңа мектептің құрылысы 1 қыркүйекте аяқталып, екінші тоқсанда пайдаланылуға беріледі деп жоспарлануда.
Ал, жыл соңына дейін барлығы 2 675 орынға есептелген үш мектеп іске қосылатын болады.
Анар Тәңірқұлова
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды -
Елордада дзюдо орталығы ашылды -
Елордада «Туған өлкем» көрмесi ашылды -
Тоқаев: Парламент қоғамдағы даулы мәселелерді шешетін орынға айналу керек