• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жергілікті полиция органының мәртебесі туралы заң жобасы ҚР Мәжілісінің қарауына енгізілді

Жергілікті полиция органының мәртебесі туралы заң жобасы ҚР Мәжілісінің қарауына енгізілді

1 Қыркүйек, 2015 12:23
Заң жобасының негізгі ережелері Үкіметпен келісілді және Президент Әкімшілігінің қолдауына ие болды. Қазіргі уақытта Заң жобасы Парламенттің қарауына енгізілді, деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Игорь Лепеха ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде.

Ағымдағы жылдың 5 мамырындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы халыққа есеп беретін жергілікті полиция органын құруды тапсырды.

«Осыған байланысты ІІМ жергілікті полиция қызметінің мәртебесін заңнмалық тұрғыдан бекітуді қарастыратын тиісті Заң жобасы (Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)  әзірленді», - деді Е.Лепеха.

Заң жобасының негізгі ережелері Үкіметпен келісілді және Президент Әкімшілігінің қолдауына ие болды. Қазіргі уақытта Заң жобасы Парламенттің қарауына енгізілді.

«Жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ) қоғамдық тәртіпті күзету, жол қауіпсіздігін эәне тұрмыстық қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі міндеттерді іске асыратын болады. ЖПҚ құрылымына учаскелік инспекторлар, жол-патрульдік, ювеналдық, табиғатты қорғау полициясы, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, қабылдау-бөлу және арнайы қабылдау бөліністері кіретін болады», - деді ол.

Бұл ретте жүйенің біртұтастығы сақталады, онда жергілікті полиция қызметі ішкі істер органдарының құрылымында қалады, ал қызметкерлер бірыңғай құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық мәртебесіне ие болады. Осылайша, ЖПҚ қызметкерлері үшін құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін көзделген материалдық қамтамасыз ету, жеңілдіктер және әлеуметтік-құқықтық кепілдіктер сақталады.

Міне, осындай қызмет жергілікті қауыммен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтін болады, ұсақ құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қамтамасыз етілетін болады. Заң жобасының жаңалықтарының бірі ЖПҚ басшысын тағайындау (бастығын және оның оырнбасарын) ІІМ-нің ұсынымы бойынша мәслихат депутаттарының келісімімен облыс әкімдіктері тағайындайтын болады.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар