- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында жаңа оқу жылы қарсаңында 14 жаңа мектеп ашылды
Алматы облысында жаңа оқу жылы қарсаңында 14 жаңа мектеп ашылды
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласына қарасты Еркін селолық округінде жаңадан ашылған 100 орынды шағын орталығы бар 300 орындық мектептің салтанатты ашылуына қатысты.
Өңір басшысы А.Баталов мектептің табалдырығын аттаған оқушылар, олардың ата-аналары мен ұстаздар қауымын Білім күнімен құттықтап, өз сөзінде:
«Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында облыс аумағында жаңадан 15 мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде 5 мектеп апатты мектептердің орнына салынды. Сөйтіп, бүгінгі таңда облыс бойынша Райымбек ауылында тек бір ғана апатты мектеп қалды. Осы орайда, облыста үшауысымды мектептер мен апатты мектептерді жою бойынша нақты жұмыстар атқарылуда. Бүгін біз 300 орындық тағы бір мектептің есігін ашудамыз. Мұнда келешек ұрпақты тәрбиелеуге және олардың сапалы білім алуына қажетті барлық жағдай жасалған. Барлық құрылыс жұмыстары мен безендіру жұмыстары уақытылы әрі сапалы жүргізілді. Құрметті оқушылар, сендерге жаңа мектепте сапалы білім алып, білімдерің мен біліктіліктеріңді ел игілігіне арнайтын білікті маман иесі болуларыңды тілеймін», - деді А.Баталов.
Облыс әкімі А.Баталов жаңа мектептің мультимедиалық және лингафонды кабинеттерін, акт залын, бастауыш сынып кабинеттерін, физика және астрономия, химия және биология, музыка, технология кабинеттерін, асхана, спорт алаңы мен мектепке дейінгі шағын орталығын аралады.
Мектептің құрылысын «АСК Ауыл Курылыс» ЖШС жүргізді. Мектеп заманауи құрылғылармен және автономды жылыту қазандықтарымен жабдықталған.
Үстіміздегі жылы осы аталған мектеппен қатар Еңбекшіқазақ ауданындағы Қайыпов ауылында (300 орынды), Іле ауданындағы Құйған ауылында (180 орынды), Комсомол ауылында (450 орынды), Тлендиев ауылында (600 орынды), Қарасай ауданындағы Көкөзек ауылында (180 орынды), Жармұханбет ауылындағы (120 орынды), Жамбыл ауданындағы Еңбекшіарал ауылындағы (280 орынды), Көксу ауданындағы Кеңарал ауылында (120 орынды), Панфилов ауданындағы Кіші Пиджим ауылындағы (180 орынды), Талғар ауданындағы Бесағаш ауылында (600 орынды), Әлмерек ауылында (300 орынды), Ақдала ауылында (300 орынды), Қапшағай қаласындағы Арна ауылында (120 орынды) мектептер салынып, Қарасай ауданының Жандосов ауылындағы 300 орынға арналған мектеп ғимаратына жанама салынған нысанның құрылысы аяқталып, онда алғашқы қоңыраудың үні сыңғырлады.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер