Астанада Қазақстанның үздік тауар өнірушілері таңдалды

1 Қыркүйек, 2015 13:07
Астанада «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме байқауы өтті, оған 60-қа жуық елорданың тауарөндірушілері қатысты, деп хабарлады «Атамекен» ҚР ҰКП.

Ауқымда шараны елордалық Кәспкерлер палатасы ұйымдастырды. Байқауға бизнестің  тәжірибелі өкілдері, стартап жобаларының  бастамашылары мен әйел кәсіпкерлігінің өкілідері қатысты.

 «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясында бірінші орынды  «Astana Ютария ltd»ӨИК» ЖШС, екінші орынды «Компания Тенгиз+» ЖШС, үшінші орынды «Stone House» ЖШС иеленді.

«Халық үшін үздік тауар» номинациясында бірінші орынды әділ-қазы мүшелері «Алтын Орда» ЖШС берді. Екінші және үшінші орынды Қазақ саңыраулар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорны мен «ДД21» ЖШС өзара бөлісті.

Ал, «үздік тауар өндірушілер» номинациясында бірінші орынды «Цесна-Мак» ЖШС жеңіп алса, екінші және үшінші орын «Апрель 2030» ЖШС мен «Golden Rill trade» ЖШС берілді.

«Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме байқауының қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, аймақтық байқаудың жеңімпаздары ағымдағы жылдың соңына қарай республикалық сайыста бақ сынайтын болады.

Барлық жаңалықтар