• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда жасалған: «Пасека» компаниясының 20% балы Қытайға экспортталады (ФОТО)

Қазақстанда жасалған: «Пасека» компаниясының 20% балы Қытайға экспортталады (ФОТО)

1 Қыркүйек, 2015 11:32
Өнімнің 80% - 250 тонна балы Қазақстанның ішкі нарығына кетсе, қалғаны Қытайға экспортталады, деп хабарлады «Пасека» шаруақожалығының менеджері Айбек Нұртазин «Strategy2050.kz»АА берген эксклюзивті сұхбатында.

«Біз Қазақстан бойынша ірі омарташылық қожалығы болып табыламыз. Компания жоғары сапалы бал өндіреді, 100% табиғи өнім. Біз бүгінде мектеп оқушыларының асы үшін 10, 15, 20 гр үлестеп бал өндіретін өндірісті іске қостық. Сонымен қатар, ҚР Қарулы күштері де бізден үлестеп бал сатып алады», - деді А.Нұртазин.

Ол атап өткендей, өндірістік базамыз Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында орналасқан.

«Мемлекеттік қолдау шараларына келетін болсақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында екі рет несие алдық. Сонымен қаар асыл тұқымды шаруашылық бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қолдау көрсетті. Бізде асыл тұқымды омарта бар, ол үшін біз мемлекеттен субсидия аламыз», - деп атап өтті компания өкілі.

А.Нұртазиннің айтуынша, өнімнің 80% - 250 тонна бал Қазақстанның ішкі нарығына кетсе, қалғаны экспортталады.

«Экспорттың басым бөлігі Қытайға кетеді, ол жаққа өткен жылдан бастап экпорттауды бастадық», - деп толықтырды менеджер.

Айта кетерлік жайт, компанияның бұдан басқа жеткен жетістіктері де аз емес. Ол «Балдың жоғары сапасы үшін» алтын медалімен және «Аймақтың үздік омарташысы», «Үздік тауарөндірушілер» дипломдарымен марапатталған және т.б.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Азамат Әлиев

 

Барлық жаңалықтар