- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі Алматы спутник-қалаларындағы нысандардың құрылысымен танысты
ҚР Премьер-Министрі Алматы спутник-қалаларындағы нысандардың құрылысымен танысты
«Болашақта G4 City жобасы Алматы мен Қапшағай тас жолы бойында орналасатын төрт шағын қалалардың құрылыстарын қамтиды. Қалалардың осылайша бірегей орналасуы барлық жобаны біртұтас қуатты, жоғарғы технологиялы және қазіргі заманғы конгломератқа біріктіруге мүмкіндік береді. Жоба бойынша құрылыстың жалпы аумағы 8 мың гектардан артық», - деп хабарламада нақтыланған.
Сондай-ақ нысандар басында аймақтың инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды. Алматы-Астана, Алматы-Өскемен, Алматы-Қорғас, Үлкен Алматы айналма автокөлік жолдарының, Алматы қаласын орап өтетін темір жол желісі құрылыстары жобаларының орындалысы туралы Көлік және коммуникация министрі А.Жұмағалиев баяндады.
Серік Ахметов бұл жобалардың транзиттік әлеуетті арттыру, Қазақстанның экономикасын дамыту үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтті.
Ол сондай-ақ «Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында автокөлік жолдары құрылысының жағдайы мен сапасын әділ сынға алды»,-деп атап көрсетті.
С.Ахметовтің айтуынша, бүгінде елімізде негізгі жол желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Астана-Өскемен тас жолының Павлодар жағында, Астана-Қарағанды тас жолының Алматы жағында құрылыс жұмыстары атқарылуда, сондай-ақ Арқалық пен еліміздің батыс жағына тартылатын жолдарды жобалау басталды.
«Әлемде жол құрылысының сапасын қамтамасыз ететін технология бар, ендеше, Көлік және коммуникация министрлігі сол технологияларды белсенді түрде пайдалануы тиіс»,-деді С.Ахметов.
Үкімет басшысы сонымен бірге назарды жергілікті инфрақұрылымдарды, облыстық маңыздағы жолдар құрылысын кеңейту мен нығайтуға аударды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі