- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісмен Қ.Сүлейменов полиция қызметінде заңдылықты нығайту қажеттігін атап өтті
Мәжілісмен Қ.Сүлейменов полиция қызметінде заңдылықты нығайту қажеттігін атап өтті
Қайырбек Сүлейменов өзінің сөзінде Н.Ә. Назарбаевтың «100 қадам» институционалдық реформасының қажеттілігіне қатысты тапсырмаларын іске асыру бойынша Фракция жұмысы туралы әңгімеледі.
Мәжіліс вице-спикері Д.Н. Назарбаеваның басшылығымен «Нұр Отан» партиясының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасында көзделген қоғамдық бақылауға және ақпаратқа қол жеткізуге қатысты заң жобаларымен жүргізіліп жатқан ауқымды жұмысты атап өтті.
Полиция қызметінде заңдылықты нығайту, жеке құрам арасында тәрбие жұмыстарын күшейту қажеттілігі туралы да айтылды.
«Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық Қоғамдық Кеңес төрағасы бола отырып, баяндамашы партия төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарымен күрес саласындағы тапсырмаларын мүлтіксіз орындаудың маңыздылығына, сондай-ақ осы бағытта партия қабылдап шараларға кеңінен тоқталды.
Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру кезінде бюджет қаражатын және Ұлттық қор қаражатын жұмсауда заңдылықтың сақталуын партиялық бақылауға алудың өзектілігіне баса назар аударды.
Азаматтардан келіп түсетін өтініштердің, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметіне шағымдардың азаймай отырғанын атап өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты оларды әділ және уақтылы қаралуына бақылауды күшейтуді, бұл ретте құқық бұзушылардың заңсыз, оның ішінде әлеуметтік тұрғыдан жасалатын заңсыз әрекеттерінің жолын кесуге шақырды.
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қазіргі жағдайда Президенттің талаптарын Қазақстан Республикасы ІІМ жеке құрамының бұлжытпай орындайтындығына сенім білдірді және депутаттық корпустың барлық деңгейлерімен, «Нұр Отан» партиясымен, жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасасуға қашанда дайын екендігі туралы айтты.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті