• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Бәйтерек» холдингі мен қытайлық CITIC Group Kazakhstan Infrastructure Fund дамыту туралы келісті

«Бәйтерек» холдингі мен қытайлық CITIC Group Kazakhstan Infrastructure Fund дамыту туралы келісті

1 Қыркүйек, 2015 10:24
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына сапары аясында қытайлық серіктестерімен ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қойды.

Холдингтен хабарлағандай, тараптардың серіктестігі бірқатар бағытты қамтиды. Олар: инвестициялық жобалар, Қазақстанда өндірістік және инновациялық дамыту, «Нұрлы жол» аясында Қазақстанды инфрақұрылымдық дамытуға қатысу.

Атап айтқанда, сапар аясында «Бәйтерек» холдингісі мен Қытайдың «CITIC Group» инвестициялық  корпорациясы  арасында «Kazakhstan Infrastructure Fund» дамыту туралы келісімге қол жеткізілді. Мақсатты капитализация қоры 600 млн долл құрады.

Аталып өткендей, құжатқа «Бәйтерек» Басқарма төрағасы Қуандық Бішімбаев пен  «CITIC Group» Директорлар кеңесінің төрағасы Чан Чженьмин  Қазақстан мен Қытай басшыларының қатысуымен қол қойды.

«Келісім шарты бойынша «Бәйтерек» холдингі Қордың капиталды шығынына 125 млн долл, CITIC Group дәл осындай соманы - 125 млн долл құюы керек. Бұдан басқа, CITIC Group өз мойнына  қосымша кем дегенде 200 млн долл тарту туралы міндеттемені алды», - делінген хбарламада.

Kazakhstan Infrastructure Fund негізгі мақсаты инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялау болып табылады. Тараптар Қазақстан жобаларына кем дегенде 300 млн доллар бағытталуы керек деп келісті.

Барлық жаңалықтар