- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбев: Мұнай-газ нарығының дамуы – біздің ҚХР-мен ынтымақтастығымыздың басты тармақтарының бірі
Н.Назарбев: Мұнай-газ нарығының дамуы – біздің ҚХР-мен ынтымақтастығымыздың басты тармақтарының бірі
Кездесуде Қазақстанның мұнай-газ саласының жаңа экономикалық жағдайдағы дамуына корпорацияның қатысуы мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы Республикамыз бен CNPC компаниясының зор ынтымақтастық тәжірибесі бар екенін, осы жылдар ішінде тараптар өзара іс-қимылдың қомақты базасын қалыптастырғанын айтты.
«Компанияның мұнай-газ нарығына қатысуы – біздің ҚХР-мен ынтымақтастығымыздың басты тармақтарының бірі. Сіздің корпорация көмірсутегін өндіру, тасымалдау және өңдеу саласында жұмыс істейді. Биылдан бастап CNPC-дің Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамына кіруінің де маңызы бар», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті корпорацияның қатысуымен елімізде жүзеге асырылып жатқан маңызды жобаларға тоқталды.
«Қашаған кеніші игеріліп, Шымкент мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылуда. Маңғыстау облысында мұнай-газ жабдықтары кешені, «Бейнеу-Бозой» газ құбыры салынуда. Бұл жобалар зор маңызға ие және бүгін ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздеріміздің арқауы болады», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев корпорацияның шикізат секторынан басқа салада да бай тәжірибесі бар екенін айтты. Осыған байланысты Мемлекет басшысы CNPC-ді Астанада құрылуы жоспарланып отырған халықаралық қаржы орталығының жұмысына да белсене қатысуға шақырды.
Соңында Қазақстан Президенті CNPC-дің озық технологиялар әзірлеудегі қызметіне жоғары баға берді және осы бағытта бірлесе жұмыс істеуге мүдделілік білдірді.
Өз кезегінде Ван Илинь Қазақстан нарығында жұмыс істеген 20 жыл бойы компанияға қолдау көрсеткені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Транзиттік тасымалдардың дамуы және қабылданып жатқан шаралар -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы