• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕАЭО мен Қытай кедендік қызметтерінің ақпарат алмасуы туралы өзара келісті

ЕАЭО мен Қытай кедендік қызметтерінің ақпарат алмасуы туралы өзара келісті

1 Қыркүйек, 2015 08:56
Иркутскте Еуразиялық экономикалық комиссияның кедендік ынтымақтастық бойынша министрі Владимир Гошин Қытай Халық Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік реттеу саласында өзара қарым қатынас жолдарын талқылаудың үшінші кезеңін өткізді, деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметі.

Хабарламада аталып өткендей, аталмыш келісім ҚХР мен одаққа мүше мемлекеттер арасында сауда-саттықтың дамуына септігін тигізетін болады.

«Келіссөздің үшінші кезеңі аясында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілген халықаралық тасымалдың тауарлары мен көлігі туралы ақпарат алмасу туралы келісімге қол жеткізілді. Оған сәйкес ҚХР бас кеден қызметі ЕАЭО-ға аталмыш саладағы мәліметтерді жіберіп отырады. Өз кезегінде Одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметі де келісім аясында ақпараттарды тұрақты түрдж жібереді», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар