• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жыл басынан бері жалған кәсіпкерлік белгілері бар 197 заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуінің күші жойылды

Жыл басынан бері жалған кәсіпкерлік белгілері бар 197 заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуінің күші жойылды

1 Қыркүйек, 2015 09:48
Прокуратура органдары өзге де құқық қорғау және фисқалдық органдармен бірлесіп жалған кәсіпкерлікке тосқауыл қою бойынша мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізіп келеді, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылдың өткен кезеңінде прокурорлардың арыздары бойынша жалған кәсіпкерлік белгілері бар 197 заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуінің күші жойылды, 115 арыз соттардың қарауында жатыр.

Мемлекеттік тіркеуінің күші жойылған заңды тұлғалардың контрагенттеріне қадағалау актілері бойынша мемлекеттік кіріс органдары 31 млрд. теңге кірісті қайта есептеді, бүгінгі таңда олардың 6,9 млрд. теңгесі бюджетке қайтарылды.

Сонымен қатар Бас прокуратураның арнайы прокурорларының өндірісіндегі жалған кәсіпкерлік фактісі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық істің шеңберінде 4,2 млрд.-тан астам теңге көлеміндегі салықтың мемлекет кірісіне өндірілуі қамтамасыз етілді.

Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

 

Барлық жаңалықтар