ҚР Конституциясына айтулы түзетулер 2007 жылы енгізілді – сарапшы

31 Тамыз, 2015 12:57
Қазақстан Конституциясына айтулы түзетулер 2007 жылы енгізілді, деп хабарлады ҚР Ұлттық музейі директорының ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары, тарих ғылымдарының доктары, профессор Жәкен Таймағамбетов «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.

ҚР Конституциясы қабылданған уақыттан бері үш рет оған өзгертулер мен түзетулер енгізілді: 1998, 2007 мен 2011 жылдары.

«Олар Президенттің, Сенат пен Мәжіліс депуттатарының өкілдігі мен мерзіміне қатысты болды. Бұдан басқа, 1998 жылы Мәжілістің 10депутаты партиялық тізім негізінде сайланатын болып қарастырылды», - деді Ж. Таймағамбетов.

Оның айтуынша, Қазақстан Конституциясына айтулы түзетулер 2007 жылы енгізілді

«Ата заңда Парламент статусы нығайтылды, Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық статус беріліп, олар белгіленген квота негізінде Мәжіліс пен Сенатқа өз өкілдерін ұсына алатын болды», - деп атап өтті тарих ғылымдарының докторы.

Ж. Таймағамбетов толықтырып кеткендей, 2011 жылы ақпанда Конституцияға ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу бойынша конституциялық негіздемелерді орнатуға бағытталған өзгертулер енгізілді.

Анар Тәңірқұлова 

Барлық жаңалықтар