• Басты
  • Жаңалықтар
  • И.Рогов: Конституциялық әділ соттың шетелдік сарапшылары ҚР Конституциясына құрметпен қарайды (Видео)

И.Рогов: Конституциялық әділ соттың шетелдік сарапшылары ҚР Конституциясына құрметпен қарайды (Видео)

1 Қыркүйек, 2015 11:02
Конституциялық әділ сотта істейтін әріптестер ҚР Конституциясына зор құрметпен қарайды, деді ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.

 «Өзімнің қызметім бойынша конституциялық әділ сота істейтін әріптестеріммен жиі кездесемін. Олардың көп бөлігі әлемде бұл мерекені жыл сайын аса құрметпен тойлап, қуанып жататын ел көрмегендігін айтты. Оларды Елбасы мен мемлекеттік органдардың ҚР Конституциясына деген қарым-қатынасы таң қалдырады. Оған қоса 10 жыл бойы ҚР Конституциясы күніне орай елде халықаралық форум өткізіледі», - деді И.Рогов.

Айта кетейік, Астанада Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен  ҚР Конституциясының жылдығына арналған «Конституция: бірлік, тұрақтылық, гүлдену» ғылыми-тәжірибелік  конференциясы өтті.

Сондай-ақ, конференцияға ҚР Конституциялық кеңесінің мүшелері, ЕаЭО, ЕҚЫҰ, Еуропалық кеңес, конституциялық бақылау кеңесінің жетекшілері, прокуратура мен 28 елдің құқық қорғау  ұйымы қатысты.

Конференцияға қатысушылар конституциялық құрылым мен Қазақстанның қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтай алғандығын атап өтті.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар