- Басты
- Жаңалықтар
- Үкімет отырысында әлеуметтік-экономикалық блоктің заң жобалары пакеті мақұлданды
Үкімет отырысында әлеуметтік-экономикалық блоктің заң жобалары пакеті мақұлданды
Қаржы министрі Б.Сұлтанов «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын таныстырды.
Министр айтып өткендей, үш жылдық бюджеттің негізгі міндеттері бюджеттің теңгерімділігін және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Бұдан өзге, бюджет тапшылықтың минималды параметрлерін қабылдау арқылы капиталдың сыртқы көздеріне тәуелділікті төмендетуді, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына қолдау көрсетуді және мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы экономиканы ынталандыруды қарастырады.
«Бюджет 2016-2018 жылдары азаматтық қызметкерлердің жалақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісін енгізуге, әлеуметтік төлемдерді арттыруға қатысты Мемлекет басшысының жаңа әлеуметтік міндеттемелер бойынша тапсырмасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді... Осылайша, бюджеттің әлеуметтік бөлігі қорғалып қана қоймайды, сондай-ақ арттырылады», - деп баса айтты Б.Сұлтанов.
Ол сондай-ақ «ағымдағы жылы бағыттарды келесі тоқтата тұрумен мемлекеттік және салалық бағдарламаларды қайта қарау жүргізілетінін, олар басымдықты болып емес, еліміздің дамуының жаңа экономикалық жағдайына қарап сараланатынын» мәлімдеді.
Сөзін түйіндей келе, министр «заң жобасында еліміздің әлеуметтік және экономикалық саясатын айрықша жағдайларда жүзеге асырудың негізгі бағыттары көрініс тапқанын, және ол мемлекеттік басқару жүйесін қайта құру құжаттарының бірі болып табылатынын» айтты.
Отырыста сондай-ақ 5 институционалдық реформаны және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға қатысты 30-дан астам заң жобасы мақұлданды.
«Бүгін қабылданған заң жобалары – бұл аса маңызды әрі жауапкершілікті қадам. Жаңғырту бойынша ұлттық комиссия төрт ай бойы тығыз режимде жұмыс жасады. Және бұл заң жобалары – орасан зор орындалған жұмыстың нәтижесі. Енді біз жаңа кезең – Парламентте заң жобаларын қорғауға көшеміз», - деп Премьер-Министр дауыс беруді қорытындылады.
Отырыста сондай-ақ «2016-2018 жылдарға арналған Ұлттық қордан кепілді трансферттеу туралы» заң жобасы мақұлданды. Заң жобасы жыл сайын 2,3 трлн. теңге көлемінде кепілді трансферт бөлуді қарастырады.
Бұдан өзге, Үкімет мүшелері жаңа оқу жылына дайындық мәселелерін қарады.
Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды